<?xml version="1.0" encoding="UTF-8"?><song><key>C</key>
<author>Арман Кайназаров</author>
<lyrics>[V1]
.Am
 Өмірдегі бар асылдың,
.      G
 Саған құны жетпейді
.   Am
 Өкінішке көп адамдар,
.       G
 Соны біле бермейді!
.      F
 Жақсы шығар олардың,
.      C
 Сенім артып жүргені!
.    Dm
 Бәрі бекер сүймесе,
.     E         E7
 Бір өзіңе сенгенің!

[C1]
   Жалғыз Сенсің қуанышқа,
   шаттығыңа бөлейтін,
   Махаббатың мәңгі болып,
   Қала берер ән болып!
   Сені жырлап өтейінші,
   Өмірден, бір өмірге,
   Біз жаралдық бауырларды,
   Және Сені сүюге!

[V2]
 Көктен келген Киелі Рух,
 Орын алды бойымнан,
 Бақытымсың Сен менің,
 Көптен күткен жолыңнан!
 Тек Өзіңсің мақтанышым,
 көтеретін биікке,
 Даңқың өшпес біз үшін,
 Бұл өмірден өтсекте!

[V3]
 Бала кезден армандадым,
 Жетегіңде жүруді!
 Махаббатың күші толған,
 Құшағыңа енуге!
 Қаншама жыл аңсаумен,
 Жүрдім мен жай таба алмай,
 Білдің мені паналадың,
 Бауыр бастың саялай!</lyrics>
<title>Өмірдегі бар асылдың, Саған құны жетпейді</title>
</song>